Қабылдауға жазылу:
      +7 (7172) 62-11-00
  +7 (701) 062-11-00

       (тек WhatsApp арқылы 08:00-17:00)




ҰЛТТЫҚ НЕЙРОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫ

Миындағы ісік алынған әйел қайта есту қабілетіне ие болды

Миындағы ісік алынған әйел қайта есту қабілетіне ие болды

сейсенбі,  21  қыркүйек  2021

   ШҚО-дан келген Биғаным Койтанқызын бірнеше жыл бойы жиі-жиі бас ауруы, артериялық гипертония, тіс ауруына ұқсас аурулар мазалаған. Сонымен қатар, өткен жылы бұған тәлтіректеп жүру, бас айналуы және қысқа мерзімде есту қабілетінің жоғалуы қосылды.
Биғаным Қойтанқызы тұрғылықты жері бойынша медициналық көмекке жүгінді, онда оған МРТ-дан өту ұсынылды. Диагностика барысында ШҚО дәрігерлері үлкен көлемді невринома (шваннома), ми бағанасының компрессиясы және деформациясы бар оң вестибулокохлеарлық нерв және декомпенсацияланған ішкі окклюзиялық гидроцефалия, мишықтың бадамшабездерінің үлкен желке саңылауына қосылуы белгілерін анықтады. Нейрохирургтар «Оң жақ көпір-мишық бұрыштың пайда болуы» диагнозын қойды.
   Ми патологияларының нейрохирургиясы бөлімшесінің нейрохирургі Айдос Молдабековтың айтуынша, бұл саладағы неоплазма көбінесе есту қабілетінің бұзылуын, асимметрияны, бет әлпетін немесе тригеминальды нервтің иннервациясы аймағында ауырсынуды тудырады. Көп жағдайда бұл бастапқыда бір құлақтың есту қабілетінің болмауымен, сондай-ақ осы клиникалық жағдайда Биғаным Койтанқызы сияқты баяу прогрессивті есту қабілетінің төмендеуімен көрінеді.
   «Ісік мөлшерінің жоғары өзгергіштігіне, клиникалық белгілеріне, ісіктің орналасу ерекшеліктеріне байланысты хирургиялық емдеу қаупі өте жоғары болды. Науқаста операциядан кейінгі асқынулар, мысалы: жүйке параличі, жұтылудың бұзылуы, есту қабілетінің бұзылуы, мүгедектіктің едәуір дәрежесі болуы мүмкін еді. Бірақ, бақытымызға орай, «Ретросигмоидты қол жеткізу. Нейромониторингті қолдана отырып, вестибулярлық шванноманы микрохирургиялық алып тастау» операциясы сәтті өтті.
   Нейромониторингті қолдану арқасында біз барлық қауіпті өмірлік құрылымдарды айналып өтіп, науқасты неврологиялық тапшылық туындатпай операциядан алып шықтық. Бүгінгі таңда науқастың жағдайы қанағаттанарлық, есту қабілеті біртіндеп қалпына келуде», - деді Айдос Молдабеков.
Биғаным Койтанқызы да бізбен басынан өткен жағдаймен бөлісті: «Бұл Орталыққа емделуге жатар алдында, мен қатты қорықтым. Мен операцияның қауіптілігі туралы түсіндім. Бірақ операция жасаудан басқа таңдау менде жоқ еді. Мен есту мүмкіндігінен айырылдым, сонымен қатар ауру аяққа беріле бастады. Арасында аяқтарым да жүруден қала бастады, әсіресе оң аяғым. Бірақ операциядан кейін барлық қорқыныш артта қалды. Менің есту қабілетім қалпына келуде, бойыма күш жиналғандығын байқадым, өзімді әлдеқайда жеңіл сезінемін. Мұнда өте жауапты дәрігерлер, мейіргерлер, кіші персоналдар жұмыс істейді. Олар айтқан әрбір жылы сөз жанға дауа, дертке шипа. Мұнда тек өз ісінің мамандары ғана емес, сонымен қатар адамгершілігі жоғары, мейірімді, қамқор адамдар жұмыс істейді. Отбасымның және жеке өз атымнан үлкен алғысымды, шексіз ризашылығмды білдіремін».


тiзiмге қайтару