
бейсенбі, 5 мамыр 2022
Ағымдағы жылдың 5 мамырында «ҰНО» АҚ Госпитальдық фармация бөлімінің бастығы, профессор Толепбергенова Айгүл Дүйсенбайқызы «Астана медицина университеті» КеАҚ фармация факультетінің 20 жылдығына арналған «Заманауи фармация: білім берудегі жаңа тұрғылар және өзекті зерттеулер» атты II-Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.
Өз сөзінде Айгүл Дүйсенбайқызы конференция қатысушыларын Ұлттық нейрохирургия орталығының стационары жағдайында дәрілік заттарды инновациялық басқарумен таныстырды. Ұлттық нейрохирургия орталығында енгізілген дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды басқарудың заманауи, пациентке бағдарланған, дербестендірілген үлгісі туралы айтып берді. Айгүл Дүйсенбайқызы «ҰНО» АҚ Госпитальдық фармация бөлімінің басты міндеті дәрілік заттарды қауіпсіз, ұтымды және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету болып табылатынын атап өтті. Сондай-ақ, мүдделі медициналық мекемелермен тәжірибе алмасуға дайын екендігін білдірді. Айта кету керек, Денсаулық сақтау министрінің хаттамалық тапсырмасына сәйкес бүгінгі таңда Қазақстан өңірлеріне барып, Госпитальдық фармация негіздеріне 200-ден астам тыңдаушы оқытылды. Нәтижесінде Ақтөбе, Шымкент, Қарағанды, Алматы, Түркістан қалаларында Госпитальдық фармация бөлімдері ашылды, олармен Ұлттық нейрохирургия орталығының Госпитальдық фармация бөлімінің мамандары тұрақты негізде кері байланысқа шығып отыр. Бұдан басқа, инновацияларды енгізудің халықаралық тәжірибесі де бар - Орталықтың Госпитальдық фармация бөлімінің мамандары Баку қаласындағы Әзірбайжан Президенті Іс басқармасының медициналық орталығында Госпитальдық фармация бөлімінің ашылуына тәжірибелік көмек көрсетті. Ресей мен Өзбекстанның медициналық мекемелері де осындай халықаралық тәжірибеге қызығушылық танытты.