Қабылдауға жазылу:
      +7 (7172) 62-11-00
   


ҰЛТТЫҚ НЕЙРОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Серік Ақшолақовтың 70 жылдық мерейтойымен құттықтады

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Серік Ақшолақовтың 70 жылдық мерейтойымен құттықтады

дүйсенбі,  4  шілде  2022

    Кеше, 3 шілдеде Халықаралық нейрохирургиялық форум мен "Нейрохирургия: тарих, қазіргі заман, тұлғалар" кинофестивалі аясында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният, Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нариман Төреғалиев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ғалымжан Елеуов, ҚР Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров "Ұлттық нейрохирургия орталығы" АҚ Басқарма төрағасы, ҚР ҰҒА академигі Серік Ақшолақовты 70 жылдық мерейтойымен құттықтады.
    Вице-Премьер Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Серік Ақшолақовтың 70 жылдық мерейтойына арналған академиктің Қазақстанның нейрохирургиялық қызметін дамытуға, жаңа технологияларды енгізуге және ғылымды ілгерілетуге сіңірген еңбегі атап өтілген құттықтауын оқып берді.
    Сонымен қатар, Қазақстан нейрохирургиялық қызметінің дамуы мен қалыптасуына үлкен үлес қосқаны үшін, Қазақстанда Ұлттық нейрохирургия орталығын құру кезеңінде, Қазақстан мен Ресейдің ғылыми, білім беру және клиникалық қызметтеріндегі достығы мен халықаралық ынтымақтастығын нығайтуға белсенді қатысқаны үшін Ералы Тоғжанов Мемлекет Басшысы Қ. К. Тоқаевтың атынан мемлекеттік награда - "Достық" орденін Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің "Академик Н.Н. Бурденко атындағы Ұлттық нейрохирургия медициналық зерттеу орталығы" федералды мемлекеттік автономды мекемесінің құрметті Президенті, нейрохирург, профессор, Ресей Ғылым Академиясының академигі Коновалов Александр Николаевичке тапсырды.


тiзiмге қайтару