Қабылдауға жазылу:
      +7 (7172) 62-11-00
   


ҰЛТТЫҚ НЕЙРОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫ

Ұлттық нейрохирургия орталығы резиденттерінің баяндамалары «Поленов оқулары» XXI бүкілресейлік ғылыми-практикалық конференциясында үздік деп танылды

Ұлттық нейрохирургия орталығы резиденттерінің баяндамалары «Поленов оқулары» XXI бүкілресейлік ғылыми-практикалық конференциясында үздік деп танылды

жұма,  13  мамыр  2022

    Ағымдағы жылдың 26-28 сәуірі аралығында профессор А.Л. Поленовтың 150 жылдығына орай Санкт-Петербург қаласында жыл сайынғы XXI бүкілресейлік ғылыми-практикалық конференция «Поленов оқулары» өтті.
«Поленов оқулары» XXI бүкілресейлік ғылыми-практикалық конференциясы шеңберінде Жастар конференциясының баяндамалар конкурсы өтті, онда «Ересектер нейрохирургиясы, балалар нейрохирургиясы» мамандығы бойынша 4 -курс резиденті Мусабеков Исламбек Қамбарұлы, сондай-ақ «Ересектер неврологиясы, балалар неврологиясы»"мамандығы бойынша 2 -курс резиденті Валиева Камила Русланқызы қатысып, баяндама жасады.
   Резидент Валиева Камиланың «Herpes zoster кезінде С витаминінің жоғары мөлшерлерін көктамыр ішіне енгізу тиімділігі» тақырыбындағы баяндамасы 1-ші орынға ие болды. Резидент Мусабеков Исламбектің «150 жағдай сериясындағы гемифациалдық түйілу кезіндегі микроваскулярлық декомпрессияның ретроспективті клиникалық талдауы» тақырыбындағы баяндамасы 3-ші орынға ие болды.
Іс-шараға барлығы 879 қатысушы тіркелді. Конференцияның бірінші және үшінші күндері пленарлық баяндамалар өтті, олардың барысында екі үлкен мультидисциплинарлық проблемалар — нейроонкология, сондай-ақ функционалдық және реконструктивті нейрохирургия талқыланды.
   Резиденттер Мусабеков Исламбек пен Валиева Камиланы еңбек нәтижелерінің жоғары бағалануымен құттықтаймыз және шығармашылық жеңістер тілейміз!


тiзiмге қайтару