Қабылдауға жазылу:
      +7 (7172) 62-11-00
  +7 (701) 062-11-00

       (тек WhatsApp арқылы 08:00-17:00)




ҰЛТТЫҚ НЕЙРОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫ

Дистония ауруына шалдыққан 11 жастағы қыз балаға операция жасалды

Дистония ауруына шалдыққан 11 жастағы қыз балаға операция жасалды

жұма,  15  қазан  2021

   Ұлттық нейрохирургия орталығында дистония ауруына шалдыққан 11 жастағы қыз балаға операция жасалды. Қол-аяғы қалтыраған дерттің бала бойында пайда болуы сирек жағдай. Бұндай клиникалық жағдай елімізде алғаш рет кездесіп отыр. Балалар нейрохирургиясы және Тамырлы және функционалдық нейрохирургия бөлімшелерінің дәрігерлері Орта Азия көлемінде жасалып көрмеген операцияны қолға алып, алғаш рет тәуекелге барды. Бұған дейін паркинсонмен ауырған егде адамдардың басына орнатқан аппарат енді алғаш рет баланың миына қойылды. Операция сәтті өтті. Ал мидағы құрылғыны дәрігерлер біртіндеп пультпен басқарып қосады. Оның қуаттағыш батареясын әр бес жылда ауыстыру қажет. Осылайша кішкентай пациент аяқ-қолының қалтырауы басылып, қалыпты өмірге қайта оралуға мүмкіндік алды.

Арнайы дайындалған бейнематериалды осы сілтеме арқылы көруге болады: https://youtu.be/oDmX7uIVKMI



тiзiмге қайтару