
сейсенбі, 6 қыркүйек 2022
5 қыркүйек - Қазақстан халқы тілдері күні және дәл осы күні Ұлт ұстазы, Алаш ардағы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Бұл мереке туған тілге деген құрмет пен сүйіспеншілікті, сондай-ақ, өзге ұлттардың мәдениеті мен дәстүрін танып, білуге бағытталған. Осы арқылы халық өзіне керегін алып, білім қоржынын кеңейтеді. Бұл мерекенің негізгі мақсаттары: қазақ тілін ұлттар арасында дамыту мен насихаттау, қазақ мәдениеті мен дәстүрін насихаттау, көпұлтты мемлекеттің тұтастығын, ынтымағын қалыптастыру, өзге ұлттардың дәстүрі мен мәдениетіне деген құрметті дамыту болып табылады.
«ҰНО» АҚ Іс жүргізу және мемлекеттік тілді дамыту бөлімінің тіл мамандарымен осы мереке аясында және А. Байтұрсыновтың туылғанына 150 жыл толуына орай Қазақстан халқы тілдерінің бүгінгі жай-күйі мен атқарылып жатқан іс-шаралар туралы баяндама оқылды, сонымен қатар қазақтың әдебиет зерттеуші ғалымы, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының қазақ халқының жарқын болашағы үшін күреске толы ғұмырының халыққа белгісіз болған тың деректер баяндалған «Беймәлім дерек» бейнетаспасы ұжым назарына ұсынылды.