Қабылдауға жазылу:
      +7 (7172) 62-11-00
  +7 (701) 062-11-00

       (тек WhatsApp арқылы 08:00-17:00)




ҰЛТТЫҚ НЕЙРОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫ

Статистика күні!

Статистика күні!

дүйсенбі,  8  қараша  2021

   Қазақстанда жыл сайын 8 қарашада «Статистика қызметкерлері күні» кәсіби мерекесі атап өтіледі.

  Денсаулық сақтау саласында медициналық статистиканың алар орны маңызды. Ол басқару жүйесінде кері байланыс қызметін орындайды, онсыз тиімді басқару мүмкін емес. Ұлттық нейрохирургия орталығында да Медициналық статистика бөлімі бар.

  Бұл клиникадағы маңызды бөлімдердің бірі, бөлімде  клиникадан шығатын барлық медициналық құжаттамаларға статистикалық өңдеу, пациенттерді емдеуге жатқызуға ресімдеу, сырттай консультациялық қорытындылар беру, клиникалық бөлімшелердің жұмысын оңтайландыру мақсатында олардың жұмысын талдау жүргізіледі.

    Біздің статист мамандар шаршауды білмейді! Атқарып отырған  жұмыстарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз! Жасаған қорытындыларыңыз бен есептеулеріңіз әрдайым дәл, ал нәтижелері ең жақсы болуын тілейміз!

   Әріптестерімізді және осы мерекеге қатысы бар барлық мамандарды шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге шығармашылық табыс пен  зор денсаулық, үлкен  жетістіктер,  отбасыларыңызға амандық тілейміз!


тiзiмге қайтару