
сәрсенбі, 28 қыркүйек 2022
Назар аударыңыз! Құрметті емделушілер!
Ұлттық нейрохирургия орталығы 2022 жылғы қазан айының 01,08,15,22 және 29 күндері Ашық есік күндерін өткізеді.
Акцияның негізгі мақсаты - пациенттерге тиімділігі жоғары технологиялық көмек көрсету үшін жүйке жүйесінің ауруларын ерте кезеңде анықтау.
Жоғарыда көрсетілген күндері сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін кез келген адам Орталықтың жетекші мамандарынан жүзбе жүз тегін кеңес ала алады, атап айтқанда:
* Қан тамырлары және функционалды аурулар жөніндегі сұрақтары бойынша нейрохирург (тек 1 қазан 2022 ж.).
* Омыртқа және жұлын патологиясы мәселелері бойынша нейрохирург (тек 8 қазан 2022 ж.).
* Ми патологияларының мәселелері бойынша нейрохирург (тек 15 қазан 2022 ж.).
* Кіші инвазиялық нейрохирургия мәселелері бойынша нейрохирург (тек 22 қазан 2022 ж.).
* Балалар нейрохирургиясы сұрақтары бойынша нейрохирург (тек 29 қазан 2022 ж.).
* Назар аударыңыз, қабылдау қатаң түрде алдын-ала жазылу арқылы жүзеге асырылады. Орындар саны шектеулі. Өзіңізбен бірге түсірілгеніне 1 жылдан аспаған МРТ/КТ, рентген және басқа да диагностикалық зерттеулер болуы қажет.
Елорда тұрғындары мен қонақтарын Астана қаласы, Тұран даңғылы, 34/1 мекенжайы бойынша орналасқан Ұлттық нейрохирургия орталығына Ашық есік күніне шақырамыз!
Телефон арқылы қабылдауға жазылу: +7(7172) 62-10-82
Анықтамалық телефондар: +7(7172) 62-11-00, 62-11-24.