Қабылдауға жазылу:
      +7 (7172) 62-11-00
   


ҰЛТТЫҚ НЕЙРОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫ

Қоғамдық штаб мүшелері Президенттікке кандидат Қ.К. Тоқаевты қолдау мақсатында Ұлттық нейрохирургия орталығының ұжымымен кездесті

Қоғамдық штаб мүшелері Президенттікке кандидат Қ.К. Тоқаевты қолдау мақсатында Ұлттық нейрохирургия орталығының ұжымымен кездесті

дүйсенбі,  31  қазан  2022

   Бүгін, ағымдағы жылдың 31 қазанында Қоғамдық штаб мүшелері Президенттікке кандидат Қ.К. Тоқаевты қолдау мақсатында Ұлттық нейрохирургия орталығының ұжымымен кездесу өткізді.

 Кездесу барысында Қоғамдық штаб мүшелері С.Қ. Акшулаков, Н.М. Петухова, Д.А. Уразалина кандидат Қ.К. Тоқаевты қолдау мақсатында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Қоғамдық штабтың сенімді өкілдері М.М. Утебаева, А.Ж. Доскалиев, У.Д. Көмек сайлау алдындағы бағдарламаның тармақтарын түсіндіріп, дәрігерлердің сұрақтарына жауап берді, үгіт насихат материалдарын таратты.

  Кездесуде Президенттікке кандидат Қасым –Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын ойдағыдай іске асыру кезінде шешілетін Денсаулық сақтау және әлеуметтік мәселелерге ерекше көңіл бөлінді.

   Белсенділік пен азаматтық ұстанымымызды көрсете отырып, біз өз болашағымызды жақсы жаққа өзгерте аламыз.


тiзiмге қайтару