бейсенбі, 8 шілде 2021
«Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ «Ересектер, балалар нейрохирургиясы» мамандығы бойынша резидентураға мамандарды қабылдау аясында Ғылыми-білім беру симуляциялық орталығы базасында «Жалпы практика дәрігері» мамандығы бойынша интерндер үшін 2021 жылғы 14-15 шілде аралығында «Хирургия негіздері» тақырыбына ақысыз тегін семинар өткізілетіндігі туралы хабарлайды.
Алдын ала тіркелу міндетті. Семинарға қатысу үшін мына телефон арқылы өтініш беру қажет:
8 (7172) 62-11-47, 62-10-90, e-mail: Dana.Kapenova@ncn.kz
Өзімен бірге болу керек:
1. Халат;
2. Ауыстыратын аяқ киім;
3. Егу паспорты немесе мерзімі 5 күннен аспайтын COVID-19 үшін ПТР талдау нәтижесі.