
бейсенбі, 13 мамыр 2021
«Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ 2021-2022 оқу жылына келесі мамандықтар бойынша: «Ересек, балалар нейрохирургиясы», «Ересек, балалар неврологиясы» резидентураға түсу үшін қабылдау жариялайды.Өтініштерді қабылдау – 2021 жылғы шілденің 5 - 23 аралығында.
Емтихан тапсыру және конкурстық іріктеу 2021 жылғы 8-16 тамыз аралығында.Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі, резидентураға түсу емтиханында берілетін үлгі сұрақтар, резидентураға қабылданғаны туралы ақпарат – www.neuroclinic.kz Орталық сайтында көрсетілген.
«Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ резидентурасына түсу үшін өтінімді онлайн түрінде беруге болады. Ол үшін www.neuroclinic.kz сайтына кіріп, «Білім беру» ➡️одан кейін «Резидентура» бөліміне кіріп ақпаратпен таныса аласыздар.