Қабылдауға жазылу:
      +7 (7172) 62-11-00
   


ҰЛТТЫҚ НЕЙРОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫ

Алматылық әйелге жүктіліктің 29 аптасында Ұлттық нейрохирургия орталығының дәрігерлері мидағы ісікті жою үшін күрделі операция жасады.

Алматылық әйелге жүктіліктің 29 аптасында Ұлттық нейрохирургия орталығының дәрігерлері мидағы ісікті жою үшін күрделі операция жасады.

дүйсенбі,  19  желтоқсан  2022

Алматылық әйелге жүктіліктің 29 аптасында Ұлттық нейрохирургия орталығының дәрігерлері мидағы ісікті жою үшін күрделі операция жасады.

Ағымдағы жылдың қыркүйек айында жүкті  әйел тұрғылықты жеріндегі дәрігерлерден медициналық көмекке бетінің сол жақ жартысының ұюы, бас ауруы және әлсіздігі туралы шағымдармен жүгінді. Әйелге дәрігерлер мидың МРТ зерттеуінен өтуге кеңес берді, зерттеуде мидың көлемді ісігі анықталды.

Науқастың ауыр жағдайын және одан әрі асқыну қаупін ескере отырып, еліміздің бас нейрохирургы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Акшулаков Серік Қуандықұлы бастаған Нейрохирургия орталығының дәрігерлері оны Орталық қабырғасында  жедел емдеу үшін санавиациямен шұғыл емдеуге жатқызу туралы шешім қабылдады.

Әйелге нейромониторингті қолдана отырып, сол жақтағы көпір-мишық бұрыштың ісігін алып тастау үшін микрохирургиялық операция жасалды. Ісік өмірлік маңызды бөлімдер орналасқан ми діңіне жақын маңда, егер бұл бөлімдер зақымдалса, науқас сал ауруына шалдығуы немесе тіпті өлім құшуы әбден мүмкін болды.

Операцияны профессор Серік Акшулаков, Орталық жүйке жүйесінің патологиясы бөлімшесінің нейрохирург дәрігері – Айдос Молдабеков пен Дәурен Жаксыбаев жүргізді. Сонымен қатар, операция кезінде дәрігерлердің көпсалалы тобы жұмыс істеді, оның құрамында бүкіл операцияны бақылаған тәжірибелі анестезиологтар болды. Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының дәрігер-гинекологтары, АБҰҒМО акушерлік бөлімшесінің меңгерушісі Примбетов Берік Ұзақбайұлы және акушер-гинеколог Мұхамеджан Гүлжайна қатысты. Дәрігерлер ұрықтың КТГ бақылауымен ұрықтың жай-күйін және оның жүрек соғысын бақылады.

Операция шамамен 5 сағатқа созылды және сәтті аяқталды, бұл операция пациентке тегін, яғни МӘМС шеңберіндегі квота бойынша жүргізілді. Бүгін болашақ ана өзін жақсы сезінеді, оны палатаға ауыстырды. Күрделі операцияға қарамастан, әйел жүктілігін жалғастыруда.




тiзiмге қайтару