жұма, 19 тамыз 2022
Бүгін Ұлттық нейрохирургия орталығында «ҰНО» АҚ Кәсіподақ төрағасы Такенов Жанат Төлеубайұлы бастаған кәсіподақ комитеті ұйымдастырған «Баланы мектепке дайындайық» акциясы өтті.
Бірінші сынып оқушылары мен Нейрохирургия орталығы қызметкерлерінің оқушыларына, сондай-ақ көп балалы аналар мен жалғыз басты аналарға мектепке қажетті кеңсе тауарларын сатып алуға 10 000 және 5 000 теңге сомасына сыйлық сертификаттары берілді. Айта кету керек, мұндай акция Орталық қабырғасында бірінші жыл өткізіліп жатқан жоқ, Білім күні қарсаңында қалыптасқан игі дәстүр саналады.
Нейрохирургия орталығында барлығы 39 бірінші сынып оқушысы және ата-аналары Нейрохирургия орталығында еңбек ететін 110 оқушы бар екендігі белгілі болды.
Кәсіподақ комитетінің өкілдері ата-аналарды алдағы оқу жылының басталуымен құттықтап, балаларға оқуда озат, еңбекте алда, үздік нәтижелер мен жетістіктерге жете беруге тілектестік білдірді.