Қабылдауға жазылу:
      +7 (7172) 62-11-00
   


ҰЛТТЫҚ НЕЙРОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫ

Акшулаков Серік Қуандықұлы Ұлттық балаларды оңалту орталығының ұжымымен кездесті

Акшулаков Серік Қуандықұлы Ұлттық балаларды оңалту орталығының ұжымымен кездесті

жұма,  11  қараша  2022

Президенттікке кандидат К.К. Тоқаевты қолдау мақсатында 2022 жылғы 11 қарашада қоғамдық штаб мүшелері Ұлттық балаларды оңалту орталығының ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында қоғамдық штаб мүшесі «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Төрағасы Акшулаков Серік Қуандықұлы, «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы Шайдаров Мәжит Зейноллаұлы Президенттікке кандидат Қ.К. Тоқаевты қолдау мақсатында үгіт-насихат жұмыстарын өткізді.

Серік Қуандықұлы  Қ.К. Тоқаевтың реформаларында әзірленген және баяндалған қағидаттар халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталғанын, сондай-ақ олар іске асырылған жағдайда еліміздің дамуына және жаңа, ашық, әділ Қазақстанды құруға жаңа серпін беретін денсаулық сақтау мен әлеуметтік мәселелерге ерекше назар аударылатынын атап өтті, сонымен қатар әріптестерін сайлауға белсенді қатысуға және Президенттікке кандидат Қ.К. Тоқаевқа дауыс беруге шақырды.


тiзiмге қайтару