Қабылдауға жазылу:
      +7 (7172) 62-11-00
   


ҰЛТТЫҚ НЕЙРОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫ

8 сәуір - Дүниежүзілік нейрохирургтер күні

8 сәуір - Дүниежүзілік нейрохирургтер күні

жұма,  8  сәуір  2022

Бүгін, «қазіргі заманғы нейрохирургияның атасы» саналатын Харви Уильямс Кушингтің туған күнінде, нейрохирург дәрігерлер - перифериялық және орталық жүйке жүйесінің құрылымдары мен мүшелерінің ауруларын диагностикалаумен және хирургиялық емдеумен айналысатын мамандар өз кәсіби мерекесін  атап өтеді.

Нейрохирургия орталығында 30 нейрохирург дәрігер жұмыс істейді, осы ақ халатты абзал жандардың жұмыс кестелері әрбір минуттарға дейін санаулы, себебі пациенттері әдеттегі қалыпты өмірін жалғастыруы үшін бойдағы білімі мен кәсіби шеберліктерін аямай жұмсап, ауыр дертпен аянбай күресуде және сол еңбектері өз жемісін беруде.  

Құрметті нейрохирург дәрігерлер, Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

Өз істеріңізге деген сүйіспеншіліктеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз, ерен еңбектеріңіз еселене берсін! Сіздерге табыс, отбасылық амандық, шығармашылық жеңістер тілейміз! Әр күн оптимизмге, жақсы оқиғалар мен шабытқа толы болсын!


тiзiмге қайтару