Ұлттық нейрохирургия орталығы - Орталық Азиядағы жаңа емдеу әдістерін қолданумен ерте диагностикалаудан бастап пациенттердің оңалуымен аяқталатын нейрохирургиялық қызметтерді толығымен көрсететін көшбасшы клиникалардың бірі болып табылады. Орталықтың материалдық - техникалық базасы Орталық Азияда теңдесі жоқ және ең жоғарғы халықаралық стандарттарға сәйкес келеді, бұл әрбір жағдайда дәл диагностика жасау мен емдеудің нақты әдісін қолдануға мүмкіндік береді. Орталықта 92 дәрігер және 185 мейіргер жұмыс жасайды. Дәрігерлердің 48% -жоғарғы санатты, 2 дәрігер - медицина ғылымдарының докторы, 17 дәрігер – медицина ғылымдарының кандидаты және 1 биология ғылымдарының кандидаты, 6 дәрігерде - PhD деңгейі бар.


«Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ МИССИЯСЫ

   Орталық Азиядағы көшбасшы нейрохирургиялық клиника.   



«Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ МАҚСАТЫ

Халықаралық стандарттарға сәйкес келетін, практика, ғылым және білімнің ықпалдасуы негізінде диагностика мен емдеудің заманауи жоғары технологиялық әдістерін қолдана отырып, сапалы және қауіпсіз медициналық көмек көрсететін нейрохирургиялық клиника.


ОРТАЛЫҚТА ТӨСЕК САНЫ 160:

  • Ми патологиясының нейрохирургиясы бөлімшесі
  • Жұлын нейрохирургиясы, шеткі жүйке жүйесінің патологиясы бөлімшесі
  • Тамырлы және функционалды диагностика бөлімшесі
  • Нейрооңалту бөлімшесі
  • Балалар нейрохирургиясы бөлімшесі
  • Жалпы нейрохиругия бөлімшесі
  • Операциялық бөлімше (5 зал)
  • Анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесі
  • Күндізгі стационарлы қабылдау-диагностикалық бөлімше
  • Трансфузиология бөлімшесі
  • Радиология және радиохирургия бөлімшесі (Гамма-пышақ, 2 ангиограф, КТ, МРТ, рентген)
  • Физиотерапия және субалшықпен емдеу бөлімшесі
  • Патологоанатомиялық бөлімше

КЛИНИКАЛЫҚ БАҒЫТТАР:

  • Нейроонкология
  • Жұлын нейрохирургиясы
  • Тамырлы нейрохирургия
  • Функционалды нейрохирургия
  • Балалар нейрохирургиясы
  • Шеткі жүйке жүйесі нейрохирургиясы
  • Стереотаксиялық радиохирургия
  • Нейроурология
  • Нейрооңалту
  • Диагностика

ТАРИХИ КЕЗЕҢДЕР:

2008 жыл - «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ құрылуы және жұмысын бастауы. Эндоскопиялық нейрохирургияның дамуы.

2009 жыл – Орталық базасында Халықаралық қатысумен ҚР нейрохирургтарының І Съезі өткізілді. 17 жаңа медициналық технология енгізілді. Эндоскопиялық трансназалды ену жолы арқылы гипофиз аденомасын алып тастау бойынша операциялар және мидың қан тамырларының аневризмалары кезіндегі алғашқы эндоваскулярлық операциялар жасалды.

2010 жыл - «Қазақ нейрохирургтары Ассоциациясы» ҚБ құрылды. Ұлттық аккредитация сәтті өтті. 10 жаңа медициналық технология енгізілді. Жабынды стенттерді қолданумен алғашқы эндоскопиялық операциялар жасалды, эпидуральді және қарыншаішілік датчиктерді орнату, омыртқааралық дискілер жарығының лазерлік вапоризациясы, омыртқаға реконструкциялаушы-тұрақтандырушы  операциялар жүргізілді.

2011 жыл - Нейрохирургиялық қоғамдардың Бүкіләлемдік Федерациясының (WFNS) білім беру курстары өтті.  Халықаралық ISO 9001-2000 сапа сертификатын иеленді.  JCI бастапқы бағалауы өтті.  6 жаңа медициналық технология енгізілді. Омыртқаның дегенеративті аурулары кезінде TLIF және PLIF кейдж жүйелерін қолданумен алғашқы кішіинвазивті операциялар жасалды. Омыртқаның перкутантты транспедикулярлы фиксациясы, үшкіл нервтің радиотолқынды  термодеструкциясы, омыртқа ауруларын және жарақаттарын микрохиругиялық емдеу, медикаментозды-резистентті эпилепсияны хирургиялық емдеу жүргізілді.

2012 жыл - Халықаралық қатысумен ҚР нейрохирургтарының ІІ Съезі өткізілді. Орталық медицина саласындағы «Сапа үшін еуропалық Гран-при» марапатын алды. 3 жаңа медициналық технология енгізілді: стереотаксиялық жүйені қолданумен кішіинвазивті функциялық хирургия, интраоперациялық нейромониторингті қолданумен құрамдастырылған трансбазальді ену жолымен бассүйек негізінің жету жолы күрделі  ісіктерін  алып тастау, ауырсыну және қозғалыс бұзылыстарын емдеудегі жұлын нейростимуляциясы.

2013 жыл - Халықаралық Біріккен комиссия (Joint Commission International) аккредитациясынан өтті.  JCI аккредитациясы Медициналық ұйымның қызмет көрсету сапасы мен қауіпсіздігін әлем обьективті түрде мойындайтын «алтын стандарт» болып табылады. Орталық базасында Нейрохирургиялық қоғамдардың Еуропалық Федерациясының (EANS) білім беру курстары өтті. «Қызмет көрсетуші үздік кәсіпорын» номинациясында ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын иемдену. «Алтын сапа» – бұл сапа саласындағы жетістіктер үшін берілетін ұлттық награда, «Алтын сапа» сыйлығы кәсіпорын­ның өнім шығару немесе қызмет көрсету сапасы мен олардың қауіпсіздігін қамта­масыз ету саласындағы жетістіктері, сон­дай-ақ сапаны басқарудың тиімділігі жоғары әдістерін енгізгені үшін беріледі. Орталықтың 6 дәрігеріне «Қазақстан Республикасында нейрохирургиялық патологияны емдеудің жоғарғы технологиялы инновациялық әдістерін дамыту» тақырыбы бойынша жұмыстар циклі үшін ғылым мен техника саласындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығы берілді.  Жаңа технология - Паркинсон ауруы, дистония, эссенциалды тремор кезінде стереотаксиялық жүйені қолданумен мидың терең нейростимуляциясы енгізілді.

2014 жыл - Нейрохирургтардың Х Азиялық конгресі өткізілді. Нейрохирургиялық мейіргерлердің ІІІ Азиялық конгресі өткізілді. 6 жыл жұмыс ішінде Орталықта 25 000 мыңнан аса адам емделді, оның 14 000-на операция жасалды. 

2015 жыл - Нейрохирургиялық қоғамдардың Еуропалық Федерациясының білім беру курстары (EANS) өтті. Қазақстан Республикасы нейрохирургтарының ІІІ Съезі өтті. «Қозғалыс бұзылыстары» Халықаралық білім беру курстары өтті. 

2016 жыл - Joint Commission International (JCI Халықаралық біріккен комиссиясы) үш жылдық ре-аккредитациясынан өтті. 

2017 жыл - 15 жақын және алыс шетелдер өкілдерінің қатысуымен қазақтардың V-ші  құрылтайын өткізу. Халықаралық сарапшылардың қатысуымен инсультты нейрохирургиялық емдеу бойынша конференция өткізілді.

2018 жыл - Ұлттық нейрохирургия орталығының 10 жылдығы, Қазақстан нейрохирургтарының IV –ші конгресін және Халықаралық нейрохирургиялық форумды өткізілді.

2019 жыл - Joint Commission International (JCI Халықаралық біріккен комиссиясы) үш жылдық ре-аккредитациясынан өтті. Балалар нейрохирургтарының Еуразиялық қауымдастығының және ISPN халықаралық мектебінің II съезді өтті.

2021 жыл - Сетереотаксиялық радиохирургияның іске қосылуы (Гамма-пышақ).

2022 жыл - Joint Commission International (JCI Халықаралық біріккен комиссиясы) үш жылдық  төртінші ре-аккредитациясынан өтті. Халықаралық нейрохирургиялық форум және «Нейрохирургия: тарих, қазіргі заман, тұлғалар» кинофестивалі өтті.

2023 жыл - Ұлттық нейрохирургия орталығының 15 жылдығына арналған Қазақстанның нейрохирургтарының V Конгресі.