Қабылдауға жазылу:
+7 (7172) 62-11-00
Ақпарат үшін:
+7 701 062 11 00
+7 747 511 60 00

ҰЛТТЫҚ НЕЙРОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫ

Халықаралық қатысумен Қазақстан Республикасы нейрохирургтарының Азиялық Х Конгресі

Астана қаласында 2014 жылғы қыркүйектің 9-12 аралығында Нейрохирургтардың Мерейтойлық Х Азиялық конгресі өтті. Конгресс ұйымдастырушылары «Қазақ нейрохирургтары Ассоциациясы» ҚБ мен «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ. Нейрохирургтардың Х Азиялық конгресінің президенті С.К. Акшулаков болды. Конгресте қазіргі заманғы нейрохирургия мен неврологияның өзекті сұрақтары қаралды. Негізгі тақырыптар:  жұлын нейрохирургиясы және перифериялық нервтер  хирургиясы, педиатрлық нейрохирургия, нейроонкология, қантамырлы нейрохирургия, нейротравматология және қарқынды терапия, стереотаксиялық және  функционалдық нейрохирургия, хирургиялық нейроанатомия. 240 баяндама тыңдалды, оның ішінде 70 пленарлық, 200  презентация және 7 шебер-класс. 


Конгрестің ұйымдастырушылық комитеті азия елдерінің жас нейрохирургтарына қолдау көрсетті. Дамушы елдердің жас мамандарына нейрохирургия бойынша 50 стипендия ұсынылды. «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ базасында жас нейрохирургтарға үйретуші курстар, шебер-кластар көрсетілді.  
Нейрохирургтардың Х Азиялық конгресі аясында  Нейрохирургиялық мейіргерлердің III Азиялық конгресі (3rd ANNC) қатар өткізілді. Нейрохирургиялық пациенттерге күтім жасау және емдеу сұрақтарын талқылау және  тәжірибе алмасу үшін   Азияның жетекші нейрохирургиялық клиникаларының мейіргер ісі мамандары шақырылды. 
Өткізілген орны  “RIXOS President Hotel Astana” қонақүй кешені. 

Сонымен қатар Конгресс аясында Азиялық әйел-нейрохирургтар Ассоциациясының кездесуі өткізілді. Нейрохирургтардың Азиялық конгресі 1996 жылы құрылды және алғаш рет Лахор қаласында (Пәкістан) өткізілді. Содан кейінгі жылдары Азияның Жапония, Қытай,  Үндістан, Индонезия, Малайзия және Түркия сияқты елдерінің айтарлықтай дамыған және белсенді дамушы қалалары мен астаналарында өткізілді. Конгресс ұйымдастырушыларымен әлемнің 48 елінен 560 тезис қабылданды.  Оның ішінде 354 -і ауызша және 206 –ы келесі тақырыптар бойынша стендтерге орналастырылды:

·                Жұлын нейрохирургиясы және  перифериялық нервтер хирургиясы

·                Педиатрлық нейрохирургия

·                Нейроонкология

·                Қантамырлы нейрохирургия

·                Нейротравматология және қарқынды терапия

·                Стереотаксиялық және функционалдық нейрохирургия

·                Хирургиялық нейроанатомия

Конгресс материалдары «Қазақстан нейрохирургиясы және неврологиясы» ҒПЖ № 3 санында жарияланды, (36), 2014.