Қабылдауға жазылу:
+7 (7172) 62-11-00
Ақпарат үшін:
+7 701 062 11 00
+7 747 511 60 00

ҰЛТТЫҚ НЕЙРОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫ

Кәсіби қайта даярлау және біліктілікті арттыру

2007 жылдың 27 маусымындағы ҚР "Білім туралы" Заңына сай, 2012 жылдың 10 маусымында оған енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сай және 2009 ж. 4 тамызындағы ҚР Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Бірегей Ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің атқаратын шаралар жоспарын бекіту туралы" № 1174 Қаулысын жүзеге асыру барысында халыққа қол жетімді жоғары мамандырылған көмек көрсетуді қамтамасыз ету және медицинаның соңғы жетістіктерін денсаулық сақтау жүйесі тәжірибесіне енгізу мақсатында "ҰНО" АҚ "нейрохирургия, оның ішінде балалар нейрохирургиясы" мамандығы бойынша қайта даярлау циклын өткізеді. Сонымен қатар нейрохирургияның өзекті мәселелері мен мамандардың талаптарына орайластырылған, денсаулық сақтау жүйесі мамандарының үздіксіз кәсіби білім алу жүйесінің модульді-жинақтаушы қағидасын есепке ала отырып біліктілікті көтеру циклы өткізіледі. Цикл тыңдаушыларының даярлығы ҚР ДСМ 26.11.2009 ж. № 778 бұйрығымен, ҚР ДСМ 26.01.2012 ж. № 51 бұйрығымен бекітілген және күшіне енген ҚР қосымша білім беру Мемлекеттік стандарттарына және ҚР ДСМ 23.11.2010 ж. бекітілген типтік оқу бағдарламасына сай жүргізіледі. Резентурадағы оқу-әдістемелік құжат 27.04.2010 ж. № 9 "Қосымша медициналық және фармацевттік білі баратін факультеттерде, білім беру ұйымдарында" Инструктивті хатына сай жүргізіледі.

Циклға жазылу үшін "РНХҒО" АҚ Басқарма Төрағасы м.ғ.д. профессор Ақшолақов Серік Қуандықұлына мамандығы, циклдың атауы, мерзімі және циклдан өтетін маманның А.Ж.Ә. көрсетілген ұсыным жіберіледі. Барлық келіп түскен ұсынымдар қаралады және қанағаттандырылады.

Біліктілігін көтеру және қайта даярлау циклынан өту үшін қажетті құжаттар:

  1. Жұмыс орнынан ұсыным (тыңдаушы өз қаржысы есебінен оқыған жағдайда тыңдаушының атынан "РНХҒО" АҚ Басқарма Төрағасы м.ғ.д. профессор Ақшолақов Серік Қуандықұлына арыз).
  2. Диплом көшірмесі.
  3. Жеке бас куәлігінің көшірмесі.
  4. Маман сертификаты.
  5. Соңғы жылдары өткен біліктілігін көтеру туралы куәліктердің көшірмелері.
  6. Жұмыс орнынан оқуға жіберілгендігі туралы бұйрық.
  7. Санитарлық кітапша.
  8. Медициналық халат, хирургиялық костюм және ауыстырмалы былғары аяқ киім.

Тәжірибелік дағдыны меңгеру сапасы оқытудың барлық кезеңдерінде жүйелі түрде бақыланады, курсты бітірген мамандарға мемлекеттік үлгідегі сертификаттар беріледі.

Бөлім бастығы – Маденов Айбек Маденұлы.

Барлық сұрақтар бойынша берілген байланыс телефондарымен хабарласуға болады Тел.: 8 (7172) 62-11-02, 62-10-89 (факс).

2018 жылға арналған біліктілікті арттыру циклдарын өткізу жоспары
Бұйрық (ақылы білім беру қызметтеріне)